Ақтөбе қаласының әкімі тағайындалды

5 Қаңтар 2023, 09:01
907
Бөлісу:
Ақтөбе қаласының әкімі тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен,  Президент әкімшілігі және қала мәслихатының келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Мұрат Жүребеков тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Бүгін шаһардың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы таныстырды.   Мұрат Жүребеков – 44  жаста. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, «Strathclyde» университетін (Шотландия, Глазго қ.), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ, Бостон қ.), 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін тәмамдаған.   

Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС қызмет еткен.   Ақтөбе қаласы әкімі лауазымына дейін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Өзгелердің жаңалығы