Ақтөбе полицейлері ер адамнан 1 келіден астам "синтетика" тәркіледі

26 Тамыз 2023, 20:15
1097
Бөлісу:
Ақтөбе полицейлері ер адамнан 1 келіден астам "синтетика" тәркіледі
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде синтетикалық есірткімен ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайдыBAQ.KZ.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” ЖПІШ аясында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақтөбе қаласы Т.Рысқұлов көшесі бойында 27 жастағы ер адамды ұстаған.

Оны жеке тінту және тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ішіне кристалл тәрізді заттары бар зип-пакеттер салынған 3 полиэтилен пакет пен электрондық таразы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар салмағы шамамен 1,2 келі синтетикалық есірткі заты болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі және 297-бөлігі 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заңнамада есірткі құралдарын сатқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Өзгелердің жаңалығы