Ақтөбе облысының полицейлеріне 32 жаңа көлік берілді

27 Желтоқсан 2023, 11:47
376
Бөлісу:
Ақтөбе облысының полицейлеріне 32 жаңа көлік берілді
Фото: Арман Мухатов - архив

Көліктер учаскелік полиция инспекторларына, аудандық бөлімшелерге және 3 квадроцикл патруль сақшыларына табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Автокөліктер видео-жетондар, планшеттер және тағы да басқа қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Қазір бұл аймақта полицейлердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша белсенді іс-шаралар атқарылып жатыр. 

Тәртіп сақшыларының өзі бұл қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге сөзсіз оң әсерін тигізеді дейді.

Өзгелердің жаңалығы