Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагері дауыс берді

Бүгiн, 16:50
99
Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагері дауыс берді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Жалпыхалықтық референдум науқанына Ақтөбе облысындағы жалғыз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Грецкий өз үйінен дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Хромтау қаласында орналасқан №482 референдум учаскесінің сайлау комиссия мүшелері ардагердің үйіне барып, дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайды жасады.

Ардагер Василий Грецкий референдумда өзінің таңдауын жасап, еліміздің болашағына деген үмітін білдірді. Ол елдегі реформалардың маңызды екенін атап өтіп, келер ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосу әрбір азаматтың парызы деп санайтынын айтты, - делінген ақпаратта.

Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагері дауыс берді

Айта кетейік, Хромтау ауданында бүгін 201 адам үйден дауыс береді.

Өзгелердің жаңалығы