Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагері дауыс берді

6 Қазан 2024, 17:09
349
Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагері дауыс берді
Фото: instagram.com/rsk_aqtobe

Жалпыхалықтық референдум науқанына облыстағы жалғыз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Грецкий өз үйінен дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Хромтау қаласында орналасқан №482 референдум учаскесінің сайлау комиссия мүшелері ардагердің үйіне барып, дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайды жасады.

Ардагер Василий Грецкий референдумда өзінің таңдауын жасап, еліміздің болашағына деген үмітін білдірді. Ол елдегі реформалардың маңызды екенін атап өтіп, келер ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосу әрбір азаматтың парызы деп санайтынын айтты.

Айта кетейік, Хромтау ауданында бүгін 201 адам үйден дауыс береді.

Өзгелердің жаңалығы