"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 4 ақпан сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)" автожолының 104-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Қарауылкелді елді мекеніне дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылады, – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.