Ақтөбе облысында тойдан кейін төбелес болып, 26 жастағы жігіт қаза тапты

Оқиға Шалқар қаласында болған.

 24kz 11 Тамыз 2026, 08:55
11 Тамыз 2026, 08:55
247
Фото: 24kz

Оқиға 8 тамыз, сенбі күні болған. Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, сол күні қалада үйлену тойы өткен. Той аяқталғаннан кейін жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға кезінде той қонақтарының бірі қаза тапқан.

Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Қылмыстың нақты себептері мен жанжалдың өзге де мән-жайлары анықталуда.

Наверх