Ақтөбе облысында тегін оңалту орталығы ашылды

31 Мамыр 2022, 22:45
3825
Бөлісу:
Ақтөбе облысында тегін оңалту орталығы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында мүгедектігі бар балаларға арналған тегін оңалту орталығы ашылды. 

Орталық қызметін жылына 600-ге жуық бала пайдалана алады. «Қамқорлық» орталығында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы оңалту заманауи жабдықтары жинақталған. Оңалту орталықтарын қажетті заманауи жабдықтармен «Қамқорлық» жобасының бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қамтамасыз етті.

«Қамқорлық» орталығы ерекше балаларды оңалтудың жүйелі және кешенді тәсілін көздейтін халықаралық тәсіл бойынша қызмет етеді. Мұнда невролог, реабилитолог, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, психолог, логопед, еңбек және эрго терапевтер, дефектолог сынды әртүрлі бейінге оқытылған мамандар тобы жұмыс істейді. Әрбір бала үшін балалар мен олардың ата-аналары қол жеткізгісі келетін бастапқы деректері мен мақсаттарына сәйкес оңалтудың жеке жоспары жасалады, - делінген Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік қызметі таратқан ақпаратта.

Шараға «Самұрық-Қазына» компаниялар тобынан «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өкілдері қатысты. 

Ақтөбе облысында тегін оңалту орталығы ашылды

Қонақтар орталық жұмысымен танысып, балалармен бірге күнделікті оңалту бағытын аралады: ЕДШ залдарына, педагогтар мен психологтардың кабинеттеріне, механотерапия залына, сенсорлық бөлмеге, бальнеотерапия кабинетіне, бассейнге барып, саяхатты кондуктивтік терапияда аяқтады. 

Жоба еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарын ғана емес, сондай-ақ шалғай ауылдарды да қамтып отыр. Бұл балаларды жақын жерден тиімді оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

«Қамқорлық» бастамасы жынысына, жасына, этникалық қатыстылығына, мәртебесіне, сондай-ақ физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан барлық азамат үшін тең жағдай мен мүмкіндік жасауға бағытталған. 

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жобаның алғашқы екі кезеңі аясында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарында 15 оңалту орталығы, 8 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды. Бұл орталықтарды толық жабдықтау үшін бүгінгі таңда Қор 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Өзгелердің жаңалығы