Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

8 Наурыз 2024, 20:15
1186
Бөлісу:
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" жолын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап.

Бүгін кешкі сағат 17.00-де жолдың 194 шақырымында еріген қардың суы жиектегі бөгетті шайып, жолға шығып кетті. Облыста күн жылынып, қар жылдам ери бастаған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жолды басқан судың ені – 20 метр, биіктігі – 3-5 см шамасында.

Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Еріген қар суын тоқтату үшін ДЭУ-13 күші жұмылдырылды, - делінген ресми хабарламада.

Ол жерге 10 жұмысшы, бір жүк көлігі мен жүк тиегіш жіберілді. Сондай-ақ 100 қап құм жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы