Ақтөбе облысында металл жабындыларына сұраныс артқан

31 Қазан 2022, 16:26
1044
Бөлісу:
Ақтөбе облысында металл жабындыларына сұраныс артқан
PHOTO
Фото: автордан

Ақтөбе облысында соңғы жылдары құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты металл жабындыларына сұраныс едәуір артқан, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Он жылдан бері облыс халқын сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп отырған «Дулат» шатыр орталығы ақтөбеліктерге кеңінен танымал. Бұл жерде тұрғын үйлердің төбесін жабатын металл жабындылар, атап айтсақ, профлист, металлочерепица, үйдің сыртын қаптайтын сайдинг және қоршаулар шығарылады. 

Ақтөбе облысында металл жабындыларына сұраныс артқан

Сату бөлімінің менеджері Нұрқасым Дүйсембаевтың айтуынша, орталықта шығарылатын барлық өнімдер тапсырыс берген күннен бастап бір-екі күнде дайындалып, тұтынушыға тегін жеткізіледі.

Нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті, сондай-ақ өндіріс қуаттылығын арттыру үшін біздің орталық жоғары технологияларды пайдаланады. Қазір біздің цехымызда дайын өнім шығарылады. Біз шикізатты Ресейдің Магнитогорск қаласынан алдыртамыз. Барлық металдың арнайы сертификаты бар. Шикізат темір өндіретін, бояйтын зауытта өндіріледі. Бізге сол металдар жүк көлігі немесе темір жол арқылы келеді. Сапасы жоғары. Мысалы, он жыл бұрын сатқан металл жабындылары әлі күнге дейін сол қалпымен тұр. Біз өз өнімдерімізді сатқанда, оның сапасына он жыл мерзімге дейін кепілдік бере аламыз. Қазір орталықта металл жабындыларының бірнеше түрі бар. Мәселен, қалыңдығы 0,35 миллиметр болатын жабындының бір шаршы метрі 2600 теңге, ал қалыңдығы 0,45 миллиметрлік жабындының бір шаршы метрі 3200 теңге тұрады. Сондай-ақ сайдингтердің бір шаршы метрі 3500 теңгеге сатылып жатыр, — дейді орталық менеджері. 

Бүгінде «Дулат» шатыр орталығында жалпы саны отызға жуық адам жұмыс жасайды. Оның жиырмаға жуығы цехта, қалғаны сату, есеп бөлімінде еңбек етеді. Мұнда келушілер цехқа кіріп, өз көзімен жұмыс процесін көре алады. Жұмысшылар тапсырыс берушінің қалауымен металл жабындыларының өлшемдерін алып, оны компьютер арқылы бағдарламаға салады. Одан соң орам-орам металды арнайы пішінге келтіріп, кеседі.

Ақтөбе облысында металл жабындыларына сұраныс артқан

Цехымызда бір күнде жүздеген шаршы метрге дейін металл жабындысы шығарылады. Қазіргі таңда дайын өнімдерді Қызылорда, Атырау, Ақтау қалаларынан келіп сатып алып жатқандар көп. Сондай-ақ тапсырыс берушілер де аз емес. Біздің өнімдерге сұраныстың артуының басты себебі — жабындыларымыздың сапасы жоғары және бағасы қолжетімді. Қазіргі таңда цехымызда жаңа қондырғылар бар. Оның барлығы шет елдерден сатып алынған. Өзім осы жерде 2018 жылдан бері бригадир болып жұмыс жасаймын. Қарамағымда 6 адам бар. Біз тапсырыс келген соң кесуші мен оператордың көмегімен арнайы бағдарлама арқылы металл орамдарын түрлі түстерге, қалыпқа салып, кесіп береміз. Бір тұтынушының тапсырысы бір-екі күнде дайын болады, — дейді цех бригадирі Бек Назарбаев.

Цех бригадирінің айтуынша, пандемия кезінде облыста өзге құрылыс материалдарымен қатар металл жабындылары да едәуір қымбаттаған. Мысалы, 2020 жылы металлочерепицаның бір шаршы метрі 4000 теңгеден сатылыпты. Оның бастапқы бағасы 1900 теңге болған. Қазір 2800 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ цехта арнайы тапсырыспен аула қоршаулары да шығарылады. Қоршаудың 1,5 метрі шамамен 4900-5000 теңге тұрады.

Ақтөбе облысында металл жабындыларына сұраныс артқан

Биыл «Дулат» шатыр орталығы жоғары сапалы өнімдері үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Үздік сапа» номинациясын жеңіп алған. Болашақта кәсіпорын отандық өнімдерге сұраныс артса, цех жұмысын дамытып, аумағын кеңейткісі келеді. Ең бастысы, қазір орталық өнімдері халықтың көңілінен шығып тұр.

Өзгелердің жаңалығы