Ақтөбе облысында логистикалық хаб құрылады

6 Желтоқсан 2022, 21:16
798
Бөлісу:
Ақтөбе облысында логистикалық хаб құрылады

Астанада «Investment Aktobe-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форумға 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі шетелдік және отандық бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. 

Форум аясында 2,7 трлн. теңгеге 8 меморандумға қол қойылды. Форум барысында жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілген ірі жобалардың қатарында Ақтөбе халықаралық әуежайының базасында интермодальдық тасымалдау мүмкіндігі бар логистикалық хаб құру бар. Өзара түсіністік туралы меморандумға «Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай» АҚ Басқарма Төрағасы Дастан Малиев және «S Sistem Lojistik» Басқарма Төрағасы Хусейн Барлин қол қойды. 

«S Sistem Lojistik» - әуе компанияларына қызмет көрсететін алғашқы жеке қоймасы бар логистикалық сектордағы инновациялардың көшбасшысы. Бүгінде оның 100 000 шаршы метрден астам қоймасы бар, оның ішінде Түркиядағы төрт әуежай (Измир, Анкара, Анталья және Стамбул). 

Компания өз қызметін Қазақстанда 2022 жылы бастады. Логистикалық хаб құру жөніндегі жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде Ақтөбе әуежайында жүк терминалының құрылысы мен басқаруы жүргізіледі. Құрылыстың болжамды ауданы 10 мың м2 құрайды. 

S Sistem әуежай аумағында жүк және контейнер терминалдарын салуды жоспарлап отыр және оларды жалғыз уәкілетті оператор ретінде басқарады. 

Атап айтқанда, аумағы 500 мың м2 контейнерлік терминал ауданына жабық тарату орталығы, контейнерлерді күтуге арналған тұрақ, тауарлар мен жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған қайта тиеу терминалы, әуежайдың жанындағы жер учаскесінде теміржол байланысы бар контейнерлерді ауыстырып тиеу және сақтау кіреді. Инвестиция құны - 160 млн. АҚШ доллары.

Өзгелердің жаңалығы