Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бесқопа ауылында зорлау дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, 53 жастағы ер адам үйде жалғыз болған 22 жастағы келінін пайдаланып, оған қатысты қылмыс жасаған. Жәбірленуші полицияға арызданған.
Айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, сот оның қылмысқа қатысы бар деген қорытындыға келді. Алға аудандық соты ер адамды 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.