Ақтөбе облысында бір тәулікте 29 қылмыс ашылды

28 Сәуір 2022, 07:45
1351
Бөлісу:
Ақтөбе облысында бір тәулікте 29 қылмыс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында бір тәулікте 29 қылмыс ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел жағдайды және қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу мақсатында 25-29 сәуір аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Екі күн ішінде патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында 323 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде ұсақ бұзақылықтың – 98, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 126 дерегі анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 13 жүргізуші ұсталды. 

Осы жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 46 қылмыс тіркелді, оның ішінде кезекші тәулікте 29 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 18 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген екі адам ұсталды. 

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжайларды тексереді.

Өзгелердің жаңалығы