Ақтөбе облысында автокөлік жолаушысы қаза тапты

29 Қыркүйек 2023, 20:58
885
Бөлісу:
Ақтөбе облысында  автокөлік  жолаушысы қаза тапты

Ақтөбе облысында теміржол өткеліндегі соқтығысу салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 қыркүйек сағат 22:40 шамасында 53 жастағы DAF жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Орынбор автожолымен жүріп келе жатып, қатар бағытта жүріп келе жатқан және реттелмейтін теміржол өткеліне тоқтаған Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы