21 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 498 122 м3 су сорылды, 40 735 дана қап төселді, 4 817 тонна инертті материалдар жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.
Су басу аймағынан 831 адам эвакуацияланды, оның ішінде 376 бала.
Олар уақытша пункттерде және туыстарының үйінде.
Сондай-ақ 129 бас ірі қара эвакуацияланды. Жеке құрамның 1800-ге жуық адамы және 500-ден астам техника жұмылдырылды.
Жұмыс жалғасуда.