Ақтөбе облысында 2870 адам қауіпсіз жерге көшірілді

29 Наурыз 2024, 19:55
495
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 2870 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайына қатысты мәліметті таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда аула аумақтарынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. 

Қазіргі уақытта 700 мың м3 жуық еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, 80 мыңнан астам дана қапшық төселді және 10 мың тоннадан астам инертті материалдар жеткізілді.  Су басқан 236 тұрғын үйден 2870 адам, оның ішінде 1279 бала эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар уақытша эвакуациялау пункттеріне жеткізілді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 129 бас ірі қара қауіпсіз жерге айдалды.

Өзгелердің жаңалығы