Ақтөбе облысында 20 мектеп салынады

20 Желтоқсан 2022, 20:46
1159
Бөлісу:
Ақтөбе облысында  20 мектеп салынады

 Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу, жою жөніндегі және терроризмге қарсы комиссиялардың бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді жаңғырту мәселелері қаралды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде 655 лифт бар. Оның 259-ы пайдаланудың нормативтік мерзімінен асып кеткен. Аталған мәселе келесі жылы түбегейлі шешілуі керек, — деген Ералы Тоғжанов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен қала басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Жиында білім ордаларындағы орын тапшылығы, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселелері де талқыланды. Айта кету керек,  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында Ақтөбе облысында 17500 орындық 20 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Оның 15-і — облыс орталығында, 5-еуі — Мұғалжар, Мәртөк, Темір және Шалқар аудандарында салынады. Бүгінгі таңда 20 мектептің барлығын салуға арналған орындар анықталды.

Сондай-ақ 2022 жылы  діни экстремизмнің алдын алу және терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жиын соңында өңір басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы