Ақтөбе облысында 16 балабақша ашылды

26 Маусым 2023, 23:34
1161
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 16 балабақша ашылды
Фото: архив

Биыл Ақтөбе облысында 16 жаңа балабақша ашылды. Оған қоса мектепке дейінгі он мекеме салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Аймақта екі жастағы бүлдіршіндерді де балабақшамен қамту жоспарда. Бұл орайда әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасы мығым, тәжірибелі педагогтар мен күтушілер болуы шарт. Қазір облыста 45 мың бүлдіршінді қамтитын 600-ге жуық балабақша жұмыс істейді.

2 жастан бастап балаларды қабылдау, «Бөбекжай» балабақшалар желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған орай қазіргі таңда, осы жұмыстардың нәтижесінде 2 жастан бастап қамту, 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 93 пайызды құрап отыр. 3 пен 6 жас аралығында жүз пайызды құрайды, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Өзгелердің жаңалығы