Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасына маршруттық қатынас ашылды

25 Мамыр 2024, 02:31
393
Бөлісу:
Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасына маршруттық қатынас ашылды
Фото: gov.kz

Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасына маршруттық қатынас ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Темір ауданы тұрғындарының өтініштерін назарға ала отырып, аудандық әкімдік "Шұбарқұдық-Ақтөбе" және "Ақтөбе-Шұбарқұдық" қатынасымен екі аралыққа қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жарияланып, үміткер анықталды.

Қазіргі таңда ауданда жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автобустардың аялдамасы мен тұрақты орны анықталуда. Сондай-ақ анықталған мердігерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жолаушыларды тасымалдау көлігінің техникалық талапқа сәйкес келуі және жүргізушілердің арнайы медициналық бақылаудан өтуі, жол қозғалысы ережелерінің сақталуы тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы