Ақтөбе балабақшасындағы шу: Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр

Ата-аналар Ақтөбедегі балабақшада балаларға қатыгездік көрсетілгенін мәлімдеді.

Бүгiн 2026, 16:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:15
Бүгiн 2026, 16:15
126
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Ертөстік» балабақшасында балаларға зорлық-зомбылық көрсетілуі мүмкін екенін айтып, ата-аналардың шағымдануынан кейін полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Мұндай заңбұзушылықтар болғаны туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде пайда болған.

Ата-аналардың мәліметінше, 10-нан астам тәрбиеленуші зардап шеккен. Сондай-ақ, балаларға күш көрсету, соның ішінде тұншықтыруға  бағытталған әрекеттер жасалған болуы мүмкін екені айтылады, – делінген жарияланымда.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Тергеп-тексеру барысы Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы басшылығының бақылауында. Тергеу нәтижелері бойынша қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге қатысты үкім шықты

Балаларды басынан ұрған: Ақтөбе облысында балабақшада тексеріс басталды

Балабақшада пышақ ұстап жүрген бала тәрбиешінің ұлы болып шықты

 

Наверх