Ақтау қаласының жастары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойын Каспий теңізінде атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтаулық жастар Абай күнінде ерекше құттықтау жолдады. Олар кемеде отырып хакімнің өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Еске салайық, бүгін қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, композитор, қоғам қайраткері Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.