Ақтау қаласында алаяқ тұрғынның сеніміне кіріп, арзан көлік пен жүргізуші куәлігін алып беруге уәде берген. Бірақ уәдесінде тұрмаған алаяқтың үстінен арыздануға тура келеді. Жалпы шығын 1 млн 541 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен іс тіркелген. Жаза 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.