Ақтауда жылу электр орталығы өртеніп жатыр

1 Маусым 2022, 01:23
1860
Бөлісу:
Ақтауда жылу электр орталығы өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында жылу электр орталығынан өрт шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 31 мамыр күні кешкі сағат 21.42 шамасында құтқару қызметіне шұғыл хабар түскен. 

Онда Ақтау қаласынан 7 шақырым қашықтықта «МАЭК ҚазАтомӨнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында үшінші жылу электр орталығындағы беті ашық тарату құрылғысынан өрт шыққаны хабарланған. Қазіргі таңда құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр. 

Қызыл жалын 600 шаршы метр аумаққа жайылған. Зардап шеккен ешкім жоқ. 

Бұл оқыс жағдай өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуге еш әсер етпейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 15 қызметкері мен 6 техникасы, кәсіпорынның өзінен - 4 адам, полициядан тағы 4 қызметкер жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы