Ақтауда жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды

12 Мамыр 2023, 20:30
1751
Бөлісу:
Ақтауда жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды
PHOTO
Фото: «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Ақтауда жоғары қысымды газ құбырының іске қосылу салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ақбар Төлегенов, «Самұрық - Қазына» Қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директоры Хаким Мақсұт қатысып, аймақ тұрғындарын жаңа жоғары қысымды газ құбырының іске қосылуымен құттықтады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Құрық ауыл маңындағы АГТС-тен бастап «Жылы жағажай» курорттық аймағындағы «Сарша» жері мен «Rixos Aktau» қонақ үйіне дейін жоғары қысымды газ құбырының іске қосылуы Ақтау қаласына газдың қосымша көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Оның ішінде, Маңғыстау облысы бойынша іске асырылатын жаңа жобалардың жүзеге асырылуына оң ықпалын тигізетін болады. Бұл ретте, газ құбырының іске қосылуы шағын және орта бизнестің, оның ішінде газды өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық сектордың өсуін ынталандырады. Сонымен қатар, жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашады. Бұл өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба өңірдің және тұтастай алғанда елдің экономикасына оң әсерін тигізеді деп сенеміз, - деді Қанат Құлжанов.

Жаңа құбыр Құрық ауылын «Сарша» жерімен, сондай-ақ Ақтау қаласының маңындағы «Жылы жағажай» курорттық аймағымен байланыстырады. Бұл жобаны ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ақбар Төлегеновтің айтуынша, жаңа құбыр желісі тек курорттық аймақты ғана емес, ондағы өндірістік, курорттық нысандардарды да газдандыруға мүмкіндік береді.

Ақтауда жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды

Сарша аумағынан бастап «Жылы жағажай» аумағына дейін газ құбырын тарту осы аумақта орналасқан Құрық елді-мекенін және ондағы өндірістік, курорттық нысандардарды да газдандыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуы мен туристік әлеуетінің гүлденуіне тың серпін беретін жоба. Жалпы «QazaqGaz» өз есебінен Маңғыстау облысында құны 260 млрд теңгеден астам соманы құрайтын бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Айта кету керек, 2022 жылы 85 шақырымдық газ желісі мен өткізу қабілеті сағатына 80 мың текше метрді құрайтын 1 автоматты газ тарату станциясы салынған болатын, - деді Ақбар Төлегенов.

Теңіз маңы аймақтарын газдандыру олардың курорттық әлеуетін дамытуға септеседі және жыл бойғы үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе Маңғыстау облысына жыл сайын сапарлап келген туристер санының артуына серпін береді.

Жаңа газ құбырына жұмыс істеп тұрған бес демалыс базасы, сондай-ақ болашақта осы жерде салынады деп жоспарланған болашақ қонақ үйлер мен ойын-сауық орталықтары қосылады. Бір ғана «Жылы жағажай» курорттық аймағы сағатына шамамен 20 мың текше метр газ тұтынады.

Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың мәліметінше, газдандыру өңірдегі су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Көгілдір отынның жаңа көлемінің негізгі тұтынушылардың бірі – осы жерде салынатын газбен тұщыландыру зауыты болуы тиіс. Зауыт сағатына 21 мың текше метрге дейін газ тұтынатын болады. Бұл қажеттіліктер қазірдің өзінде іске қосылатын газ құбырының өткізу қабілеттілігіне жоспарланған. Бұл кәсіпорынның газға сұранысы «Жылы жағажай» курорттық аймағының барлық қонақ үйлері мен сауда орталықтарынан көп болады деп күтілуде. Су тұщыту зауытының қуаты сағатына 50 текше метрге дейін жетеді. Яғни, жергілікті тұрғындар күн сайын қосымша 1,2 миллион литр ауыз су ала алады.

Ақтауда жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды

Маңғыстау облысын сумен жабдықтау - «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары үшін басымдық болып табылады. Олардың көпшілігі осында жұмыс істейді. Біз бұл мәселемен жүйелі айналысудамыз. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын кеңейтіп, Қаражанбаста және Кендірлі кентінде жаңа су тұщытатын зауыттарды салып жатырмыз, - деді Ғибрат Ауғанов.

Газдандыру сонымен қатар аймақтың ауыл шаруашылығының дамуына да серпін береді. Қатты шөлді жағдайларға байланысты Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы алқаптары іс жүзінде жоқтың қасы. Ауыл шаруашылығы өнімдері үнемі отын қажет ететін жылыжайларда өндіріледі.Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің газға сұранысы жаңа құбыр желісінің өткізу қабілеттілігі жоспарына енді. Мысалы, Қарақия және Мұнайлы аудандарының шаруа қожалықтары мен жылыжайлары енді сағатына қосымша 36,5 мың текше метр газ тұтына алады. Бұл «Жылы жағажай» курорттық аймағының барлық қонақ үйлері мен сауда орталықтары тұтынатын газ көлемінен артық.

Өзгелердің жаңалығы