Ақтаудағы Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды. Экологтар теңіз суынан сынама алып, тексеру жұмыстарын бастады. Қаза болған жануарлардың нақты саны әзірге анықталып жатыр.
Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаменті хабарлады. Өлі итбалықтар 24 мамыр күні 1Б шағынауданының ар жағындағы «Шағала» демалыс аймағы маңындағы жағалаудан табылған.
Қазіргі уақытта табылған өлекселердің нақты саны жарияланған жоқ. Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынама алған. Тексеру нәтижесі кейінірек хабарланатыны айтылды.