Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаулық полицейлер үй алып беремін деп тұрғындардың 19 млн теңгесін жымқырған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласының полиция басқармасына алаяқтық дерегі бойынша әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қала тұрғындары ұжымдық шағыммен жүгінді. Ол 2018-2021 жылдар аралығында үй сатып алуға көмектесемін деп тұрғындарды алдап, 19 млн теңге көлемінде ақшаны жымқырып кеткен.
Аталған дерек бойынша Ақтау қаласы ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті анықталып, бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.