Ақтауда Ұлттық ұланның қызметшілері бағалы заттары бар әмиянды қайтарды

28 Тамыз 2022, 17:27
1391
Бөлісу:
Ақтауда Ұлттық ұланның қызметшілері бағалы заттары бар әмиянды қайтарды

25 тамызда Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері құжаттары мен ақшалай қаражаты бар әмиянды, сондай-ақ пәтердің кілтін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызмет атқару барысында қатардағы Айбар Лайықов бастаған, құрамында патрульшілер қатардағы Әділхан Базарбаев, Нұрболат Жұмабаев және Рамазан Руслановтар бар әскери жасақ жерде жатқан былғары әмиянды тауып алды. Бұл туралы дереу патрульдік топтың бастығына хабарлайды және жоғалған заттың иесін іздей бастайды.

Әскери жасақтың бастығы Айбар Лайықов ұялы әмиянда жазылған телефон арқылы заттың иесін табады. Заттың иесі анықталған соң әмиян иесіне қайтарылады. 

Ер адам 6656 әскери бөлімі командирінің атына алғыс хат жазып, ұландықтарға қырағы қызмет атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы