Ақтауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті

Ақтауда ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті
1309

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Ұлттық ұландықтар жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтауда Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «ВАЗ 21099», Toyota Camry және Toyota Land Cruiser 200 маркалы үш азаматтық автокөлік құралының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын көріп қалып, зардап шеккен жолаушыларға жедел көмек көрсетті. Жол көлік оқиғасы, 7 мамыр күні сағат 17.30-да Ақтау қаласының 14 шағын ауданында, «H2O» кафесінің жанында орын алды. Жол апатынан алты адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына тез жеткізілді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендерге көмекке алғашқылардың бірі болып 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері келген. Әскери жасақ бойынша кезекші аға лейтенант Сабыр Құралов пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Қайруллаев пен Дәурен Үмбетов автокөлік апатын алғашқы болып байқады.

Ұландық сардар жедел жәрдем көлігі мен жол-патрульдік қызмет мамандарын дереу шақырып, патрульшілермен қоршауды ұйымдастырды. Ұландықтар медицина қызметкерлерімен бірлесіп, оқиға қатысушыларына медициналық көмек көрсетті. Шұғыл жағдайда жедел әрекет еткені үшін әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілерді грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады, – деп жазды Ұлттық ұланнан.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы