Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі азайған

30 Қазан 2022, 18:20
906
Бөлісу:
Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі азайған

Сот мамандары отбасы шырқының бұзылуына негізінен жұмыссыздық, ерлі-зайыптылардың ішкілікке салынуы себеп болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жақынынан зәбір көрген жан полицияға арыз түсіреді. Одан әрі іс сотта қаралады. Судьялар істі қарау кезінде ажырастыруға емес, отбасы мүшелерін жарастырып әдепке жат қылықтардан арылуға үгіттейді.

Былтыр 9 айда 495 болса, биыл 73-бап бойынша осы санатта 462. Біршама бір 20 іске азайғандығын байқаймыз. Дегенмен де, осы істі қарау барысында азаматтарға негізінен әдеп-ғұрпымызға қайшы, біздің қазақ халқына жат әрекеттер екенін айтып түсіндіреміз. Жазаның қатаңдатылып жатқанын да айтамыз, – дейді Әкімшілік-құқық бұзушылықтар жөніндегі қалалық мамандандырылған соттың судьясы Болат Пазылов.

Жұбайына қол көтергені дәлелденсе, күдікті 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Бір жылда тағы қайталанса, бас бостандығы шектеледі. Ал үйінен кеткендер 1-шағын аудандағы әлеуметтік орталықта 6 ай тұра алады. Отбасылық үлгідегі кешен 25 адамға арналған. Жарты жылда мамандар анасын жұмысқа кіргізіп, балаларын бөбекжай-мектепке беру сияқты өзге де мәселелерді шешеді.

Тоғжан Сейсенова, №2 арнаулы қызметтер көрсету орталығының психологы: - 

2018 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Қазіргі таңда 44 адам, оның ішінде 10-ы әйел адам, 34-і балалар. Қазір бізде 1 адам бар. 3 баласымен. Балаларын балабақшаға орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күндіз ғана келіп, заңгер және психологпен онлайн түрде жұмыс жасайды, – дейді №2 арнаулы қызметтер көрсету орталығының психологы Тоғжан Сейсенова.

Бұл орталық облыстық қарттар үйінің ғимаратында орналасқан. Яғни уақытша амал ғана. Жуырда Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған жаңа орталық ашу жоспарда бар.

Өзгелердің жаңалығы