Ақтауда тағы бір адам суға кетті

6 Шілде 2022, 11:56
1400
Бөлісу:
Ақтауда тағы бір адам суға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс оқиға 5 шілде күні  Ақтау қаласының Самал 2 шағын ауданында теңіз жағалауында болған.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлаунша, суға батып кеткен ер адам 1993 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны. 

Теңізге ағайындарымен барған. Қазіргі таңда 3 сүңгуір іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. ТЖ департаментінен 6 қызметкер, жедел құтқару жасағынан 1 газель, 1 қайық, 10 қызметкер, ПД 5 бірлік техника, 8 қызметкер, жедел жәрдем 3 адам, 1 бірлік техника, АМО 3 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды. 

Сондай-ақ оқиға орнында ТЖ департаментінің психологтары суға батқан адамның жақындарына көмек көрсетіп жатыр. 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерден суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және төмендегі ережелерді орындауды сұрайды:

 -жабдықталмаған және тексерілмеген шомылу орындарында шомылуға және суға түсуге болмайды, өйткені түбінде тастар, қоқыс және басқа да қауіпті заттар болуы мүмкін;

 -ішімдік ішуден аулақ болыңыз; -суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз; -суға шомылу кезінде жағажайдан алысқа жүзбеңіз; 

-тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз; 

-су айдындарын ластамаңыз және қоқыстамаңыз. 


 

Өзгелердің жаңалығы