Ақтауда суши қызметкері есірткі жасырумен айналысқан

4 Қыркүйек 2023, 13:00
3971
Бөлісу:
Ақтауда суши қызметкері есірткі жасырумен айналысқан
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

34 жастағы ер адам Ақтаудағы суши-маркеттер желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Екінші 32 жастағы ер адам оған заңсыз істе көмектесіп отырған. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Белгілі болғандай, олардың тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде тінту іс-шараларын жүргізу кезінде барлығы 692 грамм «мефедрон» синтетикалық препараты табылып, тәркіленді.

Қаскөйлердің әрекеті ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша сараланды, яғни, адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында, аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы. Сот қылмыстық топтың екі негізгі мүшесін 10 жылға бас бостандығынан айырды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы