Ақтауда «Сергек» іске қосылды

1 Шілде 2023, 13:56
789
Бөлісу:
Ақтауда «Сергек» іске қосылды
Фото: Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында «Сергек» жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстауда 1 шілдеден бастап жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына «Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды  

«Сергек» жүйесін орнату бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Қоғамдық орындармен жолдарда барлығы 1138 камера орнатылған. Оның 638-і Ақтауда, 500 данасы Мұнайлыда. Іске қосылған 1138 бейнебақылаудың 736 данасы 148 нүктедегі жол қауіпсіздік камерасы, ал 402 данасы 152 нүктедегі қоғамдық қауіпсіздік камералары. Маңғыстау облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Сүйін Кұрмантаев «Сергек» камераларының жұмыс істеу принциптерін атап өтті. 

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы көдексінің 592, 596, 599, 601 баптарына сәйкес, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған жағдайда, бағдаршамның тыйым салу сигналы яғни қызыл белгісінен өткен уақытта, тоқтау сызығын асып өту кезінде және қос сызықты тыйым салынған жолақты басып өтсе, әкімшлік құқық бұзушыларды тіркеп, әкімшілік іс-жүргізу бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жолдайтын болады. Сондай-ақ, Сергек камерасы 150-200 метр қашықтыққа дейін түсіреді, - деді Сүйін Кұрмантаев. 

Құқықбұзушылық жасаған жағдайда айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді. Маңғыстау облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Сүйін Кұрмантаев егер автокөлік иесі бұзушылық туралы хаттамаға келіспесе, полиция департаментіне, прокуратураға немесе сотқа жүгіне алатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы