Ақтауда құрылыс құжаттарын ала алмаған инвесторға көмек көрсетілді

27 Наурыз 2024, 18:22
305
Бөлісу:
Ақтауда құрылыс құжаттарын ала алмаған инвесторға көмек көрсетілді

Маңғыстау облысының прокуратурасы инвестордың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Фронт-офис жұмысы шеңберінде «GATIN group» ЖШС-і инвесторына құрылыс материалдарын сақтауға арналған қоймалар салудың сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тарту дерегі анықталды. Инвестиция сомасы 250 млн теңге құрайды.

Ақтау қаласы әкімінің атына енгізілген қадағалау актісінен кейін аталған заңдылықты бұзушылықтар жойылып, инвесторға құрылыстың рұқсат құжаттары берілді. Қазір жобаны іске асыруға 40 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Барлық туындаған сұрақтармен келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (775) 806-50-95 (Маңғыстау облысының прокуратурасы), 8 (701) 242-67-16 («Kazakh invest» ҰҚ» АҚ аймақтық өкілі), - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы