Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылар мәліметінше, бүгін, 7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті.
Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып, 20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті.