Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда қатты желден ғимараттың шатыры ұшып кетті

29 Желтоқсан 2023, 02:12
848
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақшаның шатыры ұшып, жақын жерде тұрған алты көліктің үстіне құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтаудағы 3-шағын аудандағы балабақша ғимаратының шатырының бір бөлігі опырылып, алтыға жуық көлік зақымданды, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 28 желтоқсан күні кешке болған. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаның салдары түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Көліктерді кім қалпына келтіретіні әзірше белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы