Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің денесі табылды

19 Тамыз 2022, 03:36
1315
Бөлісу:
Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің денесі табылды

Ақтауда пәтерде ер адам мен әйел өлі табылды. Қылмыс болған жерден тағы бір қыз қашып шығып, көршілердің үйіне жасырынып аман қалған, деп жазады KTK.

Көршілернің айтуынша, қанды қылмысқа қызғаныш себеп болған.

Жігіт пен қыз пәтер жалдаған. Сосын оларға бір жігіт пен қыз қонаққа келген. Олар ішкен, кейін қыздарды бөлісе алмай, бір-бірін қызғанып, соңы кісі өліміне әкелген деп естідім. Жігіт пен бір қызды өлтірген, содан кейін бір қыз қалған. Ол қызға таңға дейін зорлық-зомбылық жасаған, таңға жуық есікті ашып, қашып кеткен, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Ләззат Достанова.

Қаныпезердің қолынан сытылып шыққан жәбірленуші төменгі қабаттағы көршілердің үйіне жартылай жалаңаш кіріп келген. Сөйтіп сол жерде жасырынып, полицейлерге хабар беріпті. Ал шұғыл жеткен тәртіп сақшылары баспанадан екі адамның мәйітін алып шықты. Куәгерлер қанды оқиға болған пәтердің жалға берілетінін және онда ылғи бейберекетсіздік болып тұратынын айтады. Бұл жайында өздері тиісті орындардың бәріне шағымданғанымен, нәтиже болмаған. Ал түнімен қорлық көрген қыздың қашып кеткенін кеш байқаған күдіктінің өзі оқиға орнынан із суытыпты. Бірақ алысқа ұзап кете алмады. Ықшамауданды бірден қоршауға алудың нәтижесінде қаскөй қолға түскен.

28 жастағы күдікті ұсталып, Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, – дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибаттулаева.

Өзгелердің жаңалығы