Ақтауда оқушыны аяусыз ұрып-соғып, видеосымен досын қорқытқан жасөспірімдерге іс қозғалды

Оқиға бойынша топ болып жасалған бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

5 Тамыз 2026, 11:28
АВТОР
 видеодан алынған кадр 5 Тамыз 2026, 11:28
5 Тамыз 2026, 11:28
145
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтауда бір топ жасөспірімнің мектеп оқушысын соққыға жығып, болған оқиғаны видеоға түсіріп, оны басқа балаға қоқан-лоқы жасау үшін пайдаланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жәбірленуші тараптың айтуынша, оқиға таңертең болған. Дүкенге шыққан мектеп оқушысын 16-17 жастағы екі жасөспірім тоқтатқан. Олар баладан үйінен басқа бір жасөспірімді сыртқа шақырып беруін талап еткен.

Туыстарының сөзінше, мектеп оқушысы бұл талаптан бас тартқаннан кейін күдіктілер оны соққыға жыққан. Сондай-ақ жәбірленушінің телефонына болған оқиғаны видеоға түсіріп, жазбаны әлгі жасөспірімге жіберіп, «Егер шықпасаң, досыңды осылай ұрамыз» деп қорқытқан.

Оқиғадан кейін зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген. Оның жақындары құқық қорғау органдарынан істі жан-жақты әрі әділ тергеп, күдіктілердің әрекетіне заң аясында баға беруді сұраған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша топ болып жасалған бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекет заңнамаға сәйкес ауыр қылмыс санатына жатады және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жанжалға қатысқан барлық тұлға анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полицияның хабарламасында.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, оның құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылданатын болады.

Тағы оқи отырыңыз: Үш жасар бала куә болған қасірет: Атырауда әйелді өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды 

Бір ауыз сөзден басталған жанжал: Ақтөбеде ер адамды күштеп көлікке тиеп әкеткен 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх