Ақтауда Наурыз мерекесіне орай 200 балаға сыйлықтар берілді

20 Наурыз 2024, 11:31
250
Бөлісу:
Ақтауда Наурыз мерекесіне орай 200 балаға сыйлықтар берілді
Фото: Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Мейірімді ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай 200 балаға сыйлықтар берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар бар.

Мерекелік кеште ән шырқалып, аниматорлар балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар ұлттық ойындар ойнады. Атап айтқанда, қатысушылар асық атып, арқан тартысты. Шарада ерекше балаларға ұлттық киім мен тақия табысталды. Шараға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қатысып, балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ақтауда Наурыз мерекесіне орай 200 балаға сыйлықтар берілді

Наурызнама онкүндігінде көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар өтіп жатыр. Наурыз мерекесі - түркі тілдес халықтардың ортақ мейрамы. Бүгінгі мерекелік шара ұйымдастырушысы «Мейірімді ана» қоғамдық қорына ризашылығымды білдіремін. Балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін. Ойлаған арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Наурыз мерекесі құтты болсын, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.

Сондай-ақ, балаларға тәттілер мен арнайы сыйлықтар табысталды. Мерекелік дастарханда жайылды. «Мейірімді ана» қоғамдық қорының жетекшісі Динара Көктаубайдың айтуынша, бұл шара өңіріміздің басқа аудандарында да өткізілген.

Жалпы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара Маңғыстау облысы бойынша өткізілді. Ақтау қаласымен қорытындыланды. Негізгі мақсат - балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Балаларымыз аман болсын!, - деді «Мейірімді ана» қоғамдық қорының жетекшісі Динара Көктаубай.

Өзгелердің жаңалығы