Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оннан астам ұлт пен ұлысытың өкілі қоныстанған Ақтау шаһарындағы 3502 әскери бөлімінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көһтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілердің арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысының бірінші кезеңі өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Сайыстың мақсаты мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, тілге құрметті арттыру, қазақ тілін жетік үйренуге ынталандыру, әскери қызметшілерге мемлекеттік тілді меңгертудің оң тәжірибесін тарату болды.
Қазақстанда дүйім жұрттың қазақ тілін үйренуіне көп көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалуда. Бүгінде әрбір адам ортақ мүдде үшін еңбек етуі керек. Әсіресе жастар мемлекеттік тілді насихаттау жолында тер төккені абзал. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің елімізде үйлесімді тілдік саясат жүргізілуде. Біз қазақ тілін білуіміз керек, себебі бұл біздің мемлекеттік тіліміз, орыс тілі – ресми тіл, ал ағылшын тілі – халықаралық қатынас тілі. Мұндай іс-шаралар белсенді әскери қызметшілерді тілді өз бетінше меңгеруге талпынуын дәлелдейді, - дейді шараның шымылдығын өз сөзімен ашқан 3502 әскери бөлімнінің командирі майор Марат Нұрмұратов.
Мемлекеттік тілге ерекше құрметпен қарайтын өзге этнос өкілдері қазақ тілінде өздерін өлеңмен таныстырып, сөз жауһары - мақал-мәтел айтып көрермендерді тәнті етті.
Байқау талаптары бойынша сайыс үш кезенен тұрды және әрбір кезең алынған ұпайлар жүйесі бойынша бағаланды.Алғашқы «Бастау» айналымында әр қатысушы өзі және қызмет орны мен ұжымы жайлы әңгімелеп, көрерменге өзін етене таныстырып өтті
Ал «Өрлеу» деп аталған екінші айналымда сайыскерлер қазақ халқының би, шешен, көсемдері, хандары мен батырларының рөлдерін сомдап, сахналық қойылымдар ұсынды.
«Баяндау» деп аталған үшінші айналымда байқауға қатысушылар берілген тақырыптар бойынша слайдтарды пайдалана отырып, баяндама жасады.
Қазылар алқасы бұл кезеңде сайыскерлердің ресми тұрғыда дұрыс сөйлей білуі, сөйлеу мәдениеті, музыкамен көркемдеуі, өз ойын мәнерлеп, толық жеткізе білуіне баса көңіл бөлгенін айта кеткен жөн.
Қазақстанда тұратын әр адам тіл мәселесіне немқұрайлы қарамау керек. Бұл байқау мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін тағы бір айқындап берді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі азаматтардан басталады. Сондықтан тіл білімі адамдарға артықшылықтар беріп, кез келген салаға есік ашады, - деп атап өтті Маңғыстау облыстық оқу - әдістемелік орталығы тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Гүлбаршын Сәрсенова.
Байқау қорытындысында қатардағы жауынгер Кирилл Конев , орыс халқының өкілі, жеңімпаз атанып, Оралда өтетін екінші кезеңге жолдама алды, екінші жүлделі орынды қатардағы жауынгер Павел Хегай иеленді. Ал,үшінші орын қатардағы жауынгер Антоний Шмальконың канжағасына тиді.
Оларға 3502 әскери бөлімнінің командирі майор Марат Нұрмұратов диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Мемлекеттік тіл мәртебесі ұлықталған кешке А.Құнанбаев» атындағы мәдениет үйінің «Альтаир» би ансамблі мен Қазақстан халқы ассамблеясының Ақтау қаласындағы өкілдері қатысып, ұлттық-мәдени орталықтардың ән-шашулары сыйға тартылды.