Ақтауда «Маңғыстау медиа» редакциясының бұрынғы ғимараты өртенді

2 Желтоқсан 2022, 18:22
1261
Бөлісу:
Ақтауда «Маңғыстау медиа» редакциясының бұрынғы ғимараты өртенді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде ғимарат ішінде ешкім болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Өрт аумағы 350 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жүр.

Сағат 14:10-да 3-шағын аудандағы ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Бұрын «Маңғыстау медиа» газетінің редакциясы осында болған. Оқиға кезінде ешкім болмаған, сондықтан зардап шеккендер жоқ. Өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр, - деп түсіндірді Lada.kz тілшісіне Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев.

Өзгелердің жаңалығы