Ақтауда көпқабатты үй өртенді

19 Желтоқсан 2021, 18:02
1204
Бөлісу:
Ақтауда көпқабатты үй  өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтаудағы «Флоренция» тұрғын үй кешенінің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 15:08 кезінде Ақтау қаласындағы 17-ші шағын ауданында «Флоренция» тұрғын үй кешенінің шатыры жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына келген кезде жалпы ауданы 5 244 шаршы метр болатын шатырдың шамамен 500 шарты метрі жанып жатқаны анықталды, - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Жаңабаев.

 Оның айтуынша, өртті өшіру жұмыстарына 80 қызметкер мен 17 арнайы техника жұмылдырылды. 

Өрт кезінде пәтерлердегі 100 адам, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге көшірілді, - деді Н. Жаңабаев.

Өзгелердің жаңалығы