Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Полиция өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болатынын мәлімдеді.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 02:28
Бүгiн 2026, 02:28
398
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында 30 қаңтардан бері хабарсыз кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалғандар санатында тіркелген азаматшаның денесі анықталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері дайын болғаннан кейін белгілі болады. Сондай-ақ қаза болу жағдайлары мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы да сараптама қорытындысымен нақтыланады.

Қазір аталған дерек бойынша барлық мән-жай анықталып, тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Наверх