Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды

20 Қыркүйек 2022, 18:38
1765
Бөлісу:
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды

Ақтауда қаланың 30-дан астам оқушылары мен студенттері қатысқан Эко-Хакатон – «EcoVision» экологиялық білім беру жобасының финалы өтті деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Хакатонда ұсынылған үздік үш эко-идеяның авторларына құнды сыйлықтар беріліп, жеңімпаз жақын арада өз жобасын жүзеге асыру құқығына ие болады.

Эко-Хакатон – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп бастамашылық еткен «EcoBatys» экологиялық шарасы шеңберінде «QazaqGeography» РҚБ жүзеге асыратын «EcoVision» жобасының соңғы бөлігі. 

Жоба барысында қатысушылар көміртекті бейтараптық тақырыбына арналған онлайн және офлайн форматтардағы тренингтер сериясын тыңдады.

Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды

Жобаның мақсаты – халықтың экологиялық проблемалар, көміртегі бейтараптылығы туралы хабардар етіп, экологиялық бастамаларға тарту.

Біз өзімізге жақын екі бағытты бір бағытқа біріктірдік. Qazaq Geography ғылыми тәсілді пайдалана отырып, экологиялық туризмді және Ұлттық парктердегі инфрақұрылымды дамытумен айналысады. Бұл ретте біз көміртегі бейтараптық идеясын, яғни нөлдік шығарындыларға ұмтылуды қолдаймыз. Болашақта Эко-Хакатонда ұсынылған үздік идеяны іске асыру арқылы жеңімпаз қоршаған ортаны қорғауға нақты үлес қосуға мүмкіндік алады, - деді жоба жетекшісі әрі «QazaqGeography» РҚБ менеджері Мадина Кинаятова.

Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері Эко-Хакатонның жеңімпаздары атанды. Бірінші орынды Дильшат Ришат жеңіп алды, ол табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға және материалдарды қайта өңдеуге негізделген болашақтың визит-орталығының моделін ұсынды. Сонымен қатар, Дильшат ылғал жинайтын, оны жинақтайтын және жануарлар үшін сусын көзі ретінде қызмет ететін құрылғының макетін модельдеді.

Өзгелердің жаңалығы