Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды

30 Желтоқсан 2021, 15:28
2040
Бөлісу:
Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері департаментінің аумағында «Жеңіс аллеясының» ашылуына арналған шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, қорғаныс вице-министрі Мұхамеджан Таласов, "Қарулы Күштердің ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері генерал-майор Марат Нұғыманов, Владимир Шацков, Алсай Джуманов, Геннадий Носоновский, контр-адмирал Ратмир Комратов, запастағы полковник Жұма Тайжанов, Ғани Артықов, жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды

Жиын екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған бір минуттық үнсіздіктен басталды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен батырлардың есімі ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды

Бүгінде Маңғыстау облысында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 6 ардагер тұрады. Мемлекетіміз майдангерлерді барынша қолдап, қамқорлық жасап келеді. Мемлекет басшысы соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын жақсартуға үлкен мән беріп отыр. Себебі, сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа қадам басқан тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан да ардагерлерге лайықты құрмет көрсету, қамқорлық жасау, ерлігін есте ұстау – біздің де, келер ұрпақтың да басты парызы, қасиетті борышы деп білемін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды

Аллеяның аумағында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің мүсіні, Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан маңғыстаулықтардың есімдері жазылған гранит тұғырлар, Қазақстанның көрнекті қайраткерлері мен Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері бар тақталар орналасқан.

Жиын барысында еңбегімен еленген бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ақтауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды

Сонымен қатар, аймақ басшысы Маңғыстау облысы бойынша  қорғаныс істері департаментінің жұмысымен танысып, әскери патриоттық мұражайын аралап көрді. Нұрлан Ноғаев күзгі әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен кездесіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруларына сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы