Ақтауда алғаш рет Офтальмология және неврология орталығы ашылды

17 Тамыз 2023, 19:27
644
Бөлісу:
Ақтауда алғаш рет Офтальмология және неврология орталығы ашылды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Ақтауда алғаш рет «Асклепий» атты Офтальмология және Неврология орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Офтальмология» және «Неврология» орталығы 4 қабаттан тұрады. Ғимараттың 1-қабатында офтольмология саласына қажетті құралдармен, жаңа иновациялық аппараттармен жабдықталған. Көз диагностикасына қатысты барлық қызмет осы 1-қабатта жүргізіледі. 

Сонымен қатар бірінші қабатта ем-шара, невропатолог кабинеті орналасқан. Екі диагностикалық кабинет, лазерлік хирургияға арналған кабинеттер жасақталған. Екінші және үшінші қабатта операция жасалады.

Клиникада барлық операция түрлері жасалады. Лазерлік тор қабатын бекіту, көздің ішкі қысымының көтерілуінен болатын созылмалы сырқат түрлерін емдейді. Катаракта сияқты көз бұлдырауын жою үшін операция жасау мүмкіндігі де осы орталықта қарастырылған. Клиникада 4 дәрігер қызмет етеді,-деді офтальмолог дәрігер Маржан Азан.

Өзгелердің жаңалығы