Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ететін әсемдік салоны ашылды

21 Тамыз 2022, 20:07
1705
Бөлісу:
Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ететін әсемдік салоны ашылды
PHOTO

Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтауда "Апельсин" әсемдік салоны іске қосылды, ондағы барлық шеберлер – ерекше қабілетке ие жандар. Қазіргі уақытта сұлулық салонында 10 зағип, 5 есту және сөйлеу қабілетінен айырылған адам жұмыс істейді.

Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ететін әсемдік салоны ашылды

Ерекше сұлулық салонына Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров және Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай барды.

Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ететін әсемдік салоны ашылды

Сұлулық салонының негізін қалаушы Құралай Байғалиева облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында жаңа жобаны сәтті жүзеге асырды.

33 жылдан бері шаштараз-стилист болып жұмыс істеймін.  2019 жылдан бастап сөйлеу, есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға шаштар мамандығының қыр-сырын үйретіп келемін. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ уақыт өте келе мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың дені сау мамандармен қатар сапалы қызмет көрсете алатынына көз жеткіздім. Биыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында мен осы жобаға кірістім. Бастапқыда қысқа мерзімді оқу курсын ұйымдастырдым. Содан кейін жаңа салон ашып, осы курсты сәтті аяқтаған оқушыларымды жұмысқа қабылдадым, – деді Құралай Байғалиева. 

"Апельсин" сұлулық салонының алғашқы клиенті Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай болды. Әкім шебердің жұмысын жақсы бағалап, қызметіне сәттілік тіледі. Енді Нұрдәулет Қилыбай шашын Нұрлан есімді есту және сөйлеу қабілетінен айрылған маманға қидырып тұрмақ.

Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек ететін әсемдік салоны ашылды

Сұлулық салонының ашылуымен осындағы барлық еңбеккерлерді құттықтаймын! Ризашылық білдіретін клиенттер мен табыстарыңыз көп болсын. Сұлулық жасау қиын іс, оны қолдау одан да қиын, салон командасы дамып, шығармашылық жеңістеріңіз көп болғай, алдағы бастамаларыңызға ақ жол тілеймін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өзгелердің жаңалығы