Ақтауда 65 миллион теңгеге салынған ескерткіш тұғыры қирап жатыр

25 Ақпан 2024, 20:32
413
Бөлісу:
Ақтауда 65 миллион теңгеге салынған ескерткіш тұғыры қирап жатыр
Фото: Lada.kz

Ақтаудағы Тобанияз Әлниязұлының ескерткішінің қаптама тақтайшалар сынған. Тұрғындар ескерткішьің тұғырын қалпына келтіру қажет екенін атуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Lada.kz жазды.

Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Бұл Тобанияз Әлниязұлының 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған екінші ескерткіші екені атап өтілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, қала билігіне ескерткішті жаңартуға 65 313 ​​642 теңге жұмсалған.

Өзгелердің жаңалығы