Ақтауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскерлері бригадасында мерзімді әскери қызметін аяқтаған 600-ден астам сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың бір бөлігі келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруға шешім қабылдаған.
Салтанатты шара барысында сарбаздардың бір жыл ішінде әскери мамандықты меңгеріп қана қоймай, азаматтық өмірге қажетті практикалық дағдыларды да игергені атап өтілді.
Бригада командирі подполковник Азамат Сүлейменовтің айтуынша, әскери қызметшілер жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жоғары нәтиже көрсетіп, «Айбалта-2025» оқу-жаттығуларында өз деңгейін дәлелдеген.
Гвардия кіші сержанты Әділет Балықбаев қызметтің өміріндегі маңызды кезең болғанын айтып, командирлерге алғыс білдірді.
Шара соңында үздік сарбаздар грамоталармен, естелік сыйлықтармен және ата-аналарына арналған алғыс хаттармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшіге кезекті әскери атақтар берілді.
Ақтау гарнизонында сәуір–маусым айлары аралығында шамамен 1000 сарбаз запасқа шығарылады.