Ақтауда 139 тұрғын үй кешенінің құрылысы заң талаптарына сай емес

5 Мамыр 2023, 14:01
830
Бөлісу:
Ақтауда 139 тұрғын үй кешенінің құрылысы заң талаптарына сай емес
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үлестік құрылыстың негізгі мәселелері жөнінде және мемлекет құрылыс салушылардың қызметін қалай бақылауға алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының Әкімдігі өңір тұрғындарының жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы қажетті талаптарға сәйкес келмейді деген шағымдарынан кейін сотқа жүгінген еді. Өңір басшысы заңсыз жаппай құрылыс мәселесі туралы, алданған үлескерлермен не себепті олай болғанын анықтау жөнінде жұмысты бастау керек екенін атап өтті. 

Тұрғындар пәтер сатып аларда, оның арзан құнын ғана емес, құрылыс салушының қаржылық есебінің жариялығын, жұмыс тәжірибесі мен ашықтық деңгейін мұқият талдағаннан кейін қаражатын салу керек. Мемлекет - қазіргі саяси және экономикалық жағдайдағы тұрақтылықтың жалғыз кепілі. Біз қандай құрылыс салушылардың күдікті беделге ие екендігі жөнінде халықты хабардар етуіміз керек. Көбінесе үлескерлер құрылыс салушылармен бірге өз жауапкершіліктерін мемлекетке жүктейді. Былайша айтқанда, құрылысқа жауаптылар, заңсыз қолма-қол ақша жинап, рұқсат құжаттарынсыз үй салады. Содан кейін газ бен электр қуатына қосыла алмаған тұрғындарды біздерге жібереді, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Қазір Ақтауда құрылысы жүріп жатқан 139 көппәтерлі тұрғын үй кешені заңнама талаптарына сәйкес емес. Оның ішінде 23 нысан өз бетінше заңсыз салынған, яғни құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсат құжаттарын алмай жүргізілуде. 

Сонымен қатар кездесу барысында заңсыз құрылыс мәселесімен қатар мектептердегі орын тапшылығы да сөз болды. Мұның басты себебі - туу санының күрт өсуі, урбанизация және ішкі көші-қон. 2010 жылы Маңғыстау облысының үш ауысымды мектептерінде 7590 бала оқыса, биыл 41 мыңнан астам оқушы білім алады. Облыста барлығы 15 үш ауысымды мектеп бар және 10 мың оқушыға орын жетіспеу себепті үшінші ауысымда оқып жүр. 

Мемекелет басшысы мектептердегі орын тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қолдау білдіре отырып, 2030 жылға қарай орта білім беру ордаларын толықтай бір ауысымға көшіруді тапсырған болатын. Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 24-мектеп салу жоспарлған. Алайда, осы тұста біз әсер ете алмайтын факторларда кездеседі. Мәселен, бұл құрылыс материалдарының қымбаттауы, логистикалық мәселелер. Қосымша қаражат сұрау процедуралары уақытты алады. Сондықтан кез келген мәселені шешуде барлық кереғар тұстарды зерделей отырып, сыни көзқараспен қарау керек, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы