Ақтау және Құрық порттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр – ҚР ИИДМ

5 Наурыз 2022, 12:42
1845
Бөлісу:
Ақтау және Құрық порттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр – ҚР ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жедел деректері бойынша қазіргі уақытта Ақтау және Құрық порттары штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Жүктердің кідіріп қалу оқиғалары болған жоқ, деп хабарлады минстрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Баку, Махачкала, Амирабад, Анзали сияқты серіктес порттармен тығыз байланыс орнатылды. 

Еліміздің порттары 10 млн тоннаға дейін қосымша жүкті, оның ішінде 5,5 млн тонна мұнайды өңдей алады, - деп хабарлады ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы.

Өзгелердің жаңалығы